allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Технологии

29 июля, 13:38

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы бес жылда елімізде қатерлі ісік аурулары көбейген. Олардың ішінде өкпе ісігі көш бастап тұр, артынша тізімде асқазан ісігі мен сүт безі ісігі тұр. Расында да, былтырғы статистикаға сүйенсек, Қазақстан өкпе қатерлі ісігі ең көп тараған елдердің тізімінде бірінші орында.

Онколог Нағима Сатиева Tengrinews.kz тілшісіне бұл дерттің басты белгілері қандай екенін айтып берді. Маманның айтуынша, қатерлі ісіктің дәл осы түрі көзге аса байқала бермей, бірнеше жылға созылып, асқына береді. Себебі көбі әдеттегі жөтелді пневмония ғана деп ойлап, мамандарға қаралмайды дейді.

"Көбіне бірнеше жыл бойы шылым шегетіндер ғана өкпе обырына шалдығады деп ойлайды. Алайда бұл қате пікір. Әрине, өкпе қатерлі ісігі пайда болуына бірінші фактор ретінде шылым шегу әсер етеді - бірақ оған тек темекі өнімдері емес, сондай-ақ, марихуана, түрлі шылым қоспаларынан дайындалған өнімдер кіреді. Екінші әсер ететін фактор - экология, яғни көмір кәсіпорындарындағы (асбест, ауыр металдармен, мұнай өндірумен айналысатындар) жұмысшылардың бұл дертке шалдығу қаупі жоғары. Үшінші фактор - тыныс алу жолдары аурулары. Мысалы, бронх қабынуы, пневмония, туберкулез сияқты созылмалы аурулар өкпе обырына тікелей себепші болады. Себебі өкпеде қатерлі ісік дәл осы аурулар асқынғанда бірден пайда болады. Бұдан бөлек, шамадан тыс сәулелендіру мен радиацияға ұшырайтындардың өкпе обырына ұшырау мүмкіндігі жоғары деуге болады", - дейді Сатиева.

Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, 50-70 жас аралығында кісілердің де өкпе обырына ұшырау қаупі өзгелерден жоғары.

Осы ретте онколог әрбір адам назар аударуы қажет белгілерді атап берді. 

- құрғақ немесе қан аралас қақырық, яғни өкпеден қан кету;

- дауыстың қатты қарлығуы;

- кеуде қуысының жиі шаншуы;

- салмақ түсіру (ісік үлкейіп жатыр дегенді білдіреді);

- тәбеттің болмауы;

- әлсіздік пен дене температурасының жоғарылауы.

Маман осы басты белгілер байқалған жағдайда бірінші кезекте пульмонологқа және онкологқа қаралуға кеңес береді.

Сондай-ақ, дәрігер бұл дерттің емдеу жолдары мен оның қалай алдын алуға болатынына тоқталды.

"Қазіргі таңда медицинада өкпе обырын емдейтін түрлі әдістер бар. Ол әдістер ісіктің түрі, көлемі, қаншалықты асқынғанына және жалпы денсаулық жағдайы, иммунитетіне байланысты таңдалады. Соңғы уақытта көп қолданылатын және тиімді әдіс деп хирургиялық әдісті айтар едім. Осы ота арқылы ісікті жоюға болады. Ол аса қауіпті емес, бірақ қазақстандықтардың көбі ондай ота жасатуға келісе бермейді. Тағы бір әдіс химиотерапия деп аталады. Емдеудің бұл әдісінде науқастың ағзасындағы обыр жасушалары арнайы дәрілермен жойылады. Бірақ ол препараттар денсаулыққа қатты әсер етеді, сондықтан химиотерапия жасайтын науқастың иммунитеті өте жақсы болуы тиіс", - деп ескертеді онколог. 

Емдеудің тағы бір жиі кездестін түрі, дәрігердің айтуынша, радиотерапия. Онда обыр жасушалары арнайы радиоактив сәулелер арқылы жойылады екен. Бірақ дәрігер радиотерапияның дертті толық емдей алмайтынын, тек тыныс алуды уақытша жеңілдететінін айтады.

Осыған байланысты онколог кем дегенде жылына бір рет флюрография мен компьютерлік томографияға түсуге кеңес береді.

Оқи отырыңыз:

Онкологиялық аурудың алдын алу: Дәрігердің кеңестері

Онколог сүт безі қатерлі ісігінің басты белгілерін атады

Вы находитесь: Главная » Технологии

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий