allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Новости Казахстана

11 октября, 23:14

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында еңбек жолын еске алып, арманы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұңғыш Президент бүгінде ең маңызды дүние елінің өркендеп, дамуы екенін атап өтті. 

"Жарты жылдай уақыт өтті ғой. Үйренетін де уақыт келді. Мен 19 наурызда сөйлеген сөзімде халыққа айтқан болатынмын: менің қалған өмірімде, бұрынғы өмірімде барлық ойым - осы еліміздің, Қазақстанымыздың тыныштығымен, жақсылығымен өсіп-өркендеуі. Қолымнан келгенше осы жұмысты өмір бойы істеп келе жатырмын. Өмір бақи осы жұмыспен өтетін боламын. Менің басқа арманым да, басқа ойлайтын ойым да жоқ. Тек қана еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен, өсіп-өркендеу тоқтамаса екен деген мақсат. Меніңше, елдің де мақсаты осылай болуы керек", - деді Елбасы. 

Тұңғыш Президенттің айтуынша, елді табысқа жетелейтін жол - береке-бірлік.

"Бірлік болмай, тірлік болмайды" дегендей, бір болсақ, бір-бірімізді түсінсек, сонда ғана жеңіске жетеміз. Жаңағы осындай 30 жылдың ішінде өткен шаруаны қалай деп бағалайсыз деген кезде менің айтайын дегенім - алты рет бүкіл халық болып мені Президент сайлады. Алты ретінде де 80 мен 90 процент арасындағы сайлаушылар маған дауыс беріп отырды. Маған сонша күш-қуат қайдан келді? Сол халықтың сенімі. Егер де Елбасы мен халқы бірге болса алынбайтын қамал жоқ, шықпайтын төбе жоқ. Сондықтан бірге болу керек. Бір болғанда табысты боламыз, бір болғанда барлық жұмысымызды жеңеміз. Елдің игілігіне, Қазақстанның игілігіне. Еліміз мәңгілік болсын!", - деді Елбасы. 

Айта кетейік, мұның алдында Елбасы Елорданы таңдау кезінде Түркістан ойда болғанын және Қазақстанның ең қазақи қаласын атаған болатын

Вы находитесь: Главная » Новости Казахстана

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий