allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Новости Казахстана

19 июля, 16:49

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Абай шығармаларын оқу челленджіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды.

"Жақында Абай атамыздың өлеңдерін оқу эстафетасын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға жолдаған едім. Ол кісі қабыл алып, эстафетаға өзінің үнін қосыпты. Қуанып қалдым. Сол себепті өз парақшамда бөлісуді жөн көрдім", - деп жазды ол.

Мұхтар Құл-Мұхаммед Ұлы ақынның "Көк тұман - алдыңдағы келер заман" өлеңін оқып, "мен" мен "менікінің" мәнін жеткізген.

Өз кезегінде ол Абайды тану дәстүрін достары Ресейдің мемлекет қайраткері, кезінде Мәдениет министрі болған Михаил Швыдкойға, Әзербайжанның Ресейдегі Елшісі, әйгілі әнші-композиторы, ұзақ жылдар Мәденит министрі болған Полад Бұлбұлоғлыға, Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және теxнологиялар министрі қызметін атқарған Такео Кавамураға және Иорданияның Мәдениет министрі болған Нэнси Бакир xанымдарға жолдады.

"Сөйтіп, адамзаттың Абайының жырлары ғаламды шарлап кетті. Игі бастаманы бөлісем дейтін достар болса, мархабат!", - деп жазды Берік Уәли парақшасында.

Айта кетейік, Абайдың өлеңдерін оқу эстафетасын 9 жастағы оқушы Ләйлім Шырақ бастап, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Президент ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқып, эстафетаны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін эстафетаны қабыл алған үшеуі де Абайдың туындысын оқып, челленджді әрі қарай жалғастырған.

Бүгінге дейін эстафетаны қабыл алған еліміздің шоу-бизнес жұлдыздары мен шенеуніктері ұлы ақынның туындыларынан үзінді оқыды. Ресейлік композитор Игорь Крутой да Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабылдап, Абайдың бір өлеңін оқыған еді.

Вы находитесь: Главная » Новости Казахстана

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий