allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Новости Казахстана

07 марта, 11:42

Қазақстан әйелдері еліміздің Тәуелсіздігін қалыптастыру және нығайтудан бөлек, түрлі салаларда елеулі үлес қосып келеді. Tengrinews.kz тілшісі 8 наурыз күніне орай қазақ әйелдері арасынан тұңғыш шыққан және өз саласында ерең еңбек еткен мамандар жайлы мәлімет жинады.

Қазақстанның бірінші ханымы  - Сара Алпысқызы Назарбаева

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Мамандығы бойынша - инженер-экономист.

Қазақстанның бірінші ханымы 1992 жылдың ақпанында "Бөбек" Халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін қалап, қордың президенті қызметін атқарып келеді. Қор осы күнге жүздеген және мыңдаған қайырымдылық шарасын өткізіп, жетім балалар мен мүгедектерге көмек, аналарға қолдау көрсетіп келеді.

1994 жылғы шілдеден бастап Назарбаева "SOS" - Қазақстанның балалар қалашықтары" қорының президенті. 1999 жылғы наурыздан бастап "Демография" қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы.

Қайырымдылық және қамқорлық саласындағы ерен еңбегі үшін Сара Назарбаева халықаралық ұйымдардың көптеген марапатына ие болды. 

Сондай-ақ, Қазақстанның бірінші ханымы 2010 жылы өз өмірін SOS Kinderdorf балалар қалашығының балаларына арнаған әйелдерге берілетін SOS Kinderdorf International Халықаралық қорының марапаты - "Алтын жүзікке" ие болды.

Еліміздегі тұңғыш әйел-генерал - Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева

Сәуле Айтпаева Ақмола облысының Жақсы ауданында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын Жақсы аудандық прокуратурасының кеңсе меңгерушісі болудан бастаған. Жоғары білім алғаннан кейін аудандық прокуратураның тағылымдамашысы болудан бастап республикалық ведомстволардың басшысы дейінгі лауазымдық сатыдан өткен. 

2018 жылдың маусымында Сәуле Айтпаева ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған болатын.

Ерен ерлігі үшін "Қазақстан Республикасы прокуратура саласының үздік қызметшісі" атанған, "Даңқ" орденінің және өзге де мемлекеттік марапаттардың иесі.

          © prokuror.gov.kz

Қазақстан тарихындағы тұңғыш әйел-елші - Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова

Ақмарал Хайдарқызы 1948 жылы Алматыда туған. Химия ғылымы кандидаты және саясаттану ғылымдарының докторы.

Ол - тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш елшісі және ел тарихындағы тұңғыш әйел-елші. Қазақстанның сыртқы істер министрі (1989-1991 жылдары), ҚР БҰҰ жанындағы тұңғыш Тұрақты өкілі (1992-1999 жылдары), Франциядағы Төтенше және өкілетті елші (1999-2003 жылдары) және ҚР ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы (1999-2001 жылдары) болды.

Арыстанбекова 30 жылдан аса уақыт халықаралық қатынастар саласында қызмет етіп келеді.

            Ақмарал Хайдарқызы Джордж Бушпен. © e-history.kz

Ақмарал Хайдарқызының ҚР Президентінің Архивінде мемлекеттік сақтаудағы жеке қор құжаттары қатарында, оның өмірбаяндық құжаттары, ғылыми еңбектері, комсомолдағы қызметтерін айқындайтын және қоғамдық жұмысының құжаттары, БҰҰ қызмет еткен кездердегі фотосуреттері, сөйлеген сөздері мен ғылыми мақалалары мен монографиялары және басқа да құжаттар құрамымен толыққан.

                                  Мемлекет басшысымен. © e-history.kz

Қазақтың тұңғыш әскери ұшқыш қызы - Хиуаз Қайырқызы Доспанова

Хиуаз Доспанова 1922 жылдың 15 мамырында Атырау облысы Ганюшкин ауылындағы қарапайым балықшының отбасында дүниеге келген.

Солтүстік Кавказ, Кубан, Қырым, Украина, Германияны жаудан азат еткен Хиуаз Доспанова "Қызыл жұлдыз", ІІ дәрежелі "Отан соғысы" ордендерімен және ерлігі үшін көптеген медальмен марапатталды. Осы төсбелгілердің арасында тек бір медальдің орны бос қалған еді. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін арнайы Елбасының басшылығымен 2004 жылы Хиуаз Доспановаға көзі тірісінде еліміздегі ең жоғарғы "Халық қаһарманы" атағы берілді.

          Хиуаз Доспанова

Қазақтың тұңғыш әйел дәрігері - Аққағаз Досжанова

Аққағаз Досжанова - қазақтың алғашқы дәрігер қызы, 1893 жылы Торғай облысы Ақтөбе уезі Бөрті болысында дүниеге келген.

Ол бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде жаралы кеңес әскерлерін емдеді. Алаш партиясының мүшесі ретінде ұлттық мүддеге қызмет етті. Ел жадынан шығып бара жатқан жақсыларымыздың есімін жаңғырту ретінде Аққағаз Досжановаға ескерткіш те қойылған.

                                                        © wikipedia.org

1914 жылы Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіріп, медицина мамандығын алуға Мәскеуге барып, медицина курсына қабылданады. Сол кезден бастап елдің жоғын жоқтаған, қайраткерлігімен өз ортасынан суырылып алға шыққан.

Аққағаз Досжанова оқуын бiтiрген соң өз мамандығы бойынша гинеколог және педиатр болып, халқына қызмет еткен.

Тұңғыш геолог әйел-ғалым - Патшайым Тәжібаева

Қазақ әйелдерінің арасынан шық­­­қан­­ ал­­ғаш­­қы­­ гео­­лог-ғалым Патшайым Тәжібаева 1920 жылы ту­ған.­­ 71 жыл­­ жа­­са­­ған­ тұл­ға ғы­лым­­­мен­­ қоса қоғамдық қыз­­мет­­тер­­­ге­­­ де­ бел­сен­ді араласты. Гео­ло­гия­­ ғы­­лы­­мы­­ның­ ішіндегі ірге­лі­ са­­ла­ ли­то­­ло­гия­ның негізін қалаған қа­зақ­ қы­зы Патшайым еке­нін­ біреу біл­се, біреу білмес. Осы табы­сы­мен­-ақ Кеңес одағы халқын таң­ғал­дыр­ған ол Ташкенттегі Ор­та­ Азия уни­вер­си­те­тін­ бі­тір­ген. Қаныш Сәт­баев­тан тәлім алған. 

           Патшайым Тәжібаева

Тұңғыш шыққан әйел кинорежиссер - Дариға Байжұманқызы Тіналина

КСРО кинематографистерінің үздігі, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, танымал кинорежиссер Дариға Байжұманқызы 1921 жылы Ақжар ауылы Аршалы ауданында дүниеге келген.

Өзінің еңбек жолын соғыс жылдары бастаған Дариға Тіналина 22 жыл "Мосфильмде" жұмыс істеп, Қырғызстан, Түрікменстан, Украина және Қазақстанда кино түсірумен айналысқан.

                                                 Дариға Байжұманқызы

Еңбек жолын актерліктен бастаған ол "Ақ роза", "Абай әндері", "Жамбыл", "Романтиктер", "Үкімет мүшесі", "Алып туралы ән" көркем фильмдеріндегі эпизодтарда ойнады. 1953 жылдан бастап режиссер ретінде жұмыс істеп, "Қазақстан кеңістігінде" атты ғылыми-танымдық фильмді түсірді. 1954-1958 жылдары "Мосфильм" студиясының режиссері болып, "Салтанат", "Илья Муромец", "Ерекше тапсырма", "Алыстағы тауда" атты көркем фильмдердің түсірілуіне қатысты. 2009 жылы "Экран Шебері" атағына ие болған..

Сондай-ақ, Дариға Байжұманқызы - "Черно-белое кино" атты монографиялық кітаптың авторы.

Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш әйел күйші - Дина Кенжеқызы Нұрпейісова

Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі.

Күйші жастайынан-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі "домбырашы қыз" деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген.

                                       Дина Нұрпейісова

Дина Нұрпейісова шығарған күйлерге "Еңбек ері", "Сауыншы", "Сталин", "Делегат", "Көкөніс" деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды.

Қазақтан шыққан тұңғыш КСРО халық әртiсi - Кү­ләш Жасынқызы Бәйсейітова

Күләш Бәйсейітова 1912 жылы Қарағанды облысында Ақтоғай деген ауылда дүниеге келген. Қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 

                                               Күләш Бәйсейітова

Күләш Байсейітова жастайынан әнге жақын болғандықтан әкесі оны жеті жылдық мектепті бітірген соң педагогикалық институтқа, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драм театрына қабылданады. Күләш Байсейітова ол жерде Бейімбет Майлиннің Майдан, Мұхтар Ауезовтың Еңлік Кебек сынды спектальдарында өнер көрсеткен. 

 Қазақтың тұңғыш кәсiби бишi қызы - Шара Баймолдақызы Жиенқұлова

Шара Жиенқұлова 1912 жылы Алматыда дүниеге келген, биші, педагог. Cахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған. 1924-1930 жылдары Шара Жиенқұлова Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды.

Ұзақ жылдар бойына ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеді. Соның нәтижесінде "Тәттімбет", "Айжан қыз", "Қара жорға", "Қырық қыз" билері дүниеге келді.

                                         Шара Жиенқұлова

Жиенқұлова сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер шендестіре білді. Гастрольдік сапармен көптеген шет елдерде болды. 

Шара Жиенқұлова би өнерінде ғана емес, өз таңбасын кинода да қалдырған. 1938 жылы "Амангелді" фильмінде Балым рөлін сомдады. Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген "Біздің сүйікті дәрігер" фильмінде қазақтың мың бұрылған бишісі өзін сомдады.

Қазақтан шыққан тұңғыш балерина - Нұрсұлу Елубайқызы Тапалова

Нұрсұлу Тапалова 1923 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келгнен, балет артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 1936 - 39 жылдары Қазақ музыкалық. театры жанындағы студияда білім алды. 1936 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрында соло-биші болған. Ол 24 жасында Қазақ ССР еңбек сіңірген әртісі атанған.

                                                       Нұрсұлу Тапалова

Сондай-ақ, балерина ұлттық опералардағы (Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі", А. Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайы", М.Толебаевтың "Біржан Сарасы") жеке билерді нақышына келтіре орындады. 1953 жылдан "Қазақконцерттің" солисі қызметін атқарып, эстрадалық ән-би, миниатюра жанрында еңбек етті. Киноға түскен. "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.

Тұңғыш ұшқыш әйел - Тоты Әмірова

Тоты Әмірова Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйел ғана емес, Airbus 320 ұшағының командирі болған ТМД-дағы алғашқы әйел. Ұзақ уақыт бойы "Эйр Астана" әуе компаниясында қызмет еткен.

Тұңғыш ұшқыш әйел 1969 жылы Өскеменде дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: авиаинженер-пилот және авиаэкономист. Шетелдік авиақұрамын дайындау курсын бітірген. Жұмыс тәжірибесін төрт Қазақстандық авиакомпаниясында шыңдаған: "Қазақстан әуе жолы", "Еуро-Азия", "Эйр Астана", "Эйр Қазақстан".

           Тоты Әмірова

2007 жылы Тоты Әмірова "Боинг-737", New generation-700, New generation-800 әуе кемелерінің "Эйр Астана" компаниясында ТМД бойынша алғаш әйел-капитаны болды.

Вы находитесь: Главная » Новости Казахстана

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий