allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Новости Казахстана

12 ноября, 20:22

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жастар неге шетел асып жатыр?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуропада оқып, жұмыс істеген Айдар Махметов шетелге баруды қолдайды, бірақ қалып қоюға қарсы екенін айтады. 

"Шетелде жұмыс табу өте қиын. Ол жақтағы білім деңгейі өте жоғары, соған байланысты талап та жоғары. Ал егер сол жерден білім алып, тәжірибеден өткен жағдайда ғана жақсы жұмыс табамын деп үміттенуге болады. "Шетелге барсақ барлығы жақсы болады" - деп көп адам ойлайды. Ондағы өмір біздікіне қарағанда он есе қиын", - дейді Айдар Махметов.

Work and Travel бағдарламасы бойынша АҚШ-та жұмыс істеп келген Алжан Шәріповтың айтуынша, студенттерге берілетін жұмыстар аса қиын емес екен. 

"Барлығы да Америкада тұрғысы келеді, себебі бізге насихат жақсы жүрген. Студенттерге арналған бағдарлама бойынша жұмыс ауыр емес, жақсы бақыланады. Ол жерде белгілі уақыт бойынша жұмыс беріледі, ал қосымша істеймін десеңіз, табысты да еселеп береді. Заңсыз келіп істейтіндер бәлкім қиындықтарға тап болып жататын шығар", - дейді Алжан Шәріпов. 

20 жастағы Айерке Ламиха есімді бағдарламаның қонағы шетелде жүріп айына бес мың долларға дейін табыс тапқанын айтады. 

"Шетелдегі бауырға" әні бар "Алашұлы" тобының солисі Мақсат Рахмет өз еліңе жететін еш жер жоқ дейді. 

"Жердің жәннаты Қазақстан ғой. Біздің елге жететін жер жоқ. Патриот болғаннан айтып тұрғаным жоқ. Делиге барып келгеннен кейін, Қаскелеңде тұрып жатқандарға "осы жерде тұрып жатқандарыңа мың да бір шүкір деңдер" дедім. Экологиясы болсын, басқасы болсын. Түркияда, Дубайда болдық, барлығы әдемі, керемет. Бірақ өз еліңдей бола алмайды", - дейді әнші.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Вы находитесь: Главная » Новости Казахстана

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий