allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Новости культуры

17 января, 15:51

Желіде әнші Қайрат Нұртас осыдан үш күн бастаған челленджді өзге де әншілер белсенді қолдап кетті. Челлендждің мағынасы - қысқы демалыста жүрген жұлдызды жұптар секіру арқылы "жүрек" формасын қалыптастыруы керек. Бүгінде ол бастаманы қысқы демалыстарын өткізіп жүрген ондаған әнші қолдап, суреттерін жүктеген. Tengrinews.kz тілшісі Instagram желісінде кеңінен қолданылып кеткен челленджді кімдер жасағанын анықтады. 

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова

© instagram.com/kair_n

Бұл әнші Қайрат Нұртас бастаған челлендж. Әнші челленджді #Алсекiрiңiздербауырлар #Бакыттыболыңыздар! деп өзге әншілерге жолдаған. Үш күн бұрын жүктелген бұл суретке 130 мыңға жуық лүпіл басылып, 2,5 мыңдай пікір жазылған. 

"Малдив аралына бару керек пе ол үшін?", - дейді әнші Айқын Төлепберген. 

Айқын мен Жұлдыз

Қайрат Нұртастың челленджін қабыл алғандардың бірі - Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали. Қысқы демалыстарын Шри-Ланкада өткізіп жатқан жұп суретті жүктеп, әзілдеп: "Қайрат Нұртастың челенджін жасау үшін амал жоқтан Мальдив аралдарына келдік", - деп челленджді бірнеше әріптесіне жолдаған. 

Жұлдыз Өмірғали, Айқын Төлепберген © instagram.com/aikyn

Бейбіт Құсайынов (Bibo)

Айқынның челленджін Bibo лақапатымен белгілі әнші Бейбіт Құсайынов қабылдаған. Әнші отбасымен Тайландтағы Ко Чанг аралында демалып жатыр. 

Жания Джуринская мен Сая Оразғалиева

Қайрат Нұртастың бастамасын бірі жұптарымен жасаса, бірі құрбысымен жасаған. Солардың қатарында актриса Жания Джуринская мен Сая Оразғалиева. Өнер адамдары құрбылары Дана Есеевамен бірге Мальдив аралдарында қысқы демалысын өткізген. 

Жания Джуринская мен Сая Оразғалиева © instagram.com/djurinskaya

Мадияр Серікбаев пен Дана Тұрарбек

"Өнер қырандары" театрының мүшелері, жұлдызды жұп Мадияр Серікбаев пен Дана Тұрарбек Қайрат Нұртастың челленджін ерекше орындаған. Дубайда балаларымен демалып жүрген жұп "Секіре алмадық, жүк ауыр" деп әзілдеп жазба қалдырған екен. 

Мадияр Серікбаев пен Дана Тұрарбек © instagram.com/madiyar_serikbayev

Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева

Қайрат Нұртастың челленджін ерекше жасаған жұптардың бірі блогер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева. 

© instagram.com/dana_yesseyeva

Одан бөлек, Мейіржан жеке парақшасына басқаша сурет жүктеген екен. 

Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева © instagram.com/meirzhach_tv

Төреғали Төреәлі 

"Біздікі осылай болды енді Қайраға", - деп әнші Төреғали жарымен "Шымбұлақта" түскен суретін жүктеген. Әнші әріптестері секілді бұл челленджді өзге әншілерге жіберген. 

Ерболат Төлеген

Ал әзілкеш Ерболат Төлеген Корей елінде жүрген көрінеді. Оны Нұртастың челленджін жергілікті корейлікпен жасап көрген мына суретінен аңғаруға болады. 

Ерболат Төлеген © instagram.com/erbolat_tolegen

Нұрболат Абдуллин 

Ал жарын көп көрсете бермейтін әнші Нұрболат Абдуллин бұл жолғы челленджді ерекше жасаған. Әнші көше бойындағы мүсінмен суретке түсе салған. 

Нұрболат Абдуллин © instagram.com/nurbullin

Вы находитесь: Главная » Новости культуры

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий