allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Новости культуры

14 августа, 16:11

Әнші Индира Расылхан жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің көмекшісі Арай Instagram желісінде хабарлады. 

"Аллаға мыңда бір Шүкір! Индира ханымның отасы сәтті аяқталды. Қазір жан сақтау бөлімінде. Толассыз келген хаттарыңызбен, тілеген тілек, дұғаларыңызға Алла разы болсын! Көрерменінің шынайы тілекшісі екені, құрбыларының, әріптестерінің ішінде беделді екені осыдан-ақ көрініп тұр!", - дейді әншінің өкілі.

© instagram.com/indirarasylkhan

Әншінің көмекшісінің айтуынша, екі сағатқа жоспарланған ота бір сағатта аяқталған. Сондай-ақ, Арай алаңдап, хат-жазып, хабарласқан оқырмандарына алғысын айтты.

"Алаңдап жазған хаттарыңыз бен қоңырауларыңыз үшін көп рақмет! Көптің жақсы тілегімен аман-есен сол күндерді артқа тастадық! Алла қаласа, орталарыңызға әсем әнімен оралуын жазсын!", - дейді Арай. 

Айта кетейік, әншінің өкілі бұған дейін ауырсынып, 6 тамызда Алматыдағы ауруханалардың біріне кешкі сағат 19.00 шамасында шұғыл жеткізілгенін хабарлаған. Администратордың айтуынша, өнерпаздың ішкі құрылысындағы ауруы көп уақыттан бері мазалап келген екен.

Индира Расылхан ауруханаға түсіп қалды

Вы находитесь: Главная » Новости культуры

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий