allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Новости культуры

22 мая, 21:48

Соңғы уақытта қазақстандық жас өнерпаздар жүлделі орындар алып, халықаралық байқауларда Қазақстан туын биікке көтеріп жүр. Осыдан екі жыл бұрын Димаш Құдайберген Қытайда өткен байқауда екінші орын иеленіп, бүкіл әлемге танымал болды. Оның артынан ерген Данэлия Төлешова украиналық "Дауыс. Балалар" байқауында жеңіске жетіп, биыл АҚШ-та өткен бүкіләлемдік жарыста бағын сынап көрді. Бұл тізімге кеше ғана ресейлік "Дауыс. Балалар" байқауында екінші орын алған Ержан Максимді де қосуға болады. Ел намысын қорғап жүрген спортшыларымыз да аз емес. Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Әлемді өзіне қаратқан қазақстандықтар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адам лақапатымен танымал Даурен Оразбеков Витебскіде өткен "Славянский базар" байқауында жеңімпаз атанған. Алайда әнші бағдарлама барысында Мәскеуге кететінін айтты.

"Мәскеуге көшіп жатырмын. Сонда студия жалдап, инвестор да табылды. Ол кісі Германияның азаматы. Ол менің ән орындауымды байқап, шақырды. Келісімшарт бар. Танымал болу мақсат емес, шынымды айтсам. Жасым 32-ге келді. Басты мақсат - өнермен айналысып, дүниеге жақсы әндер алып келу. Онда мен айтатын музыканы тыңдайтын аудитория бар. Біздің елде бағалайтындар көп шығар, бірақ түсінетіндер аз. Мен орындайтын бағыт - блюз", - дейді Адам.

19 жастағы Дәулет Жұмадуллаев грэпплинг күресінен жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Оның ендігі мақсаты әлем біріншілігінде бас жүлдені жеңіп алу. 

"Жақында жарыстан келдім. Қазақстан чемпионаты болды, бұл әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі. Өз елімізде бас жүлдені жеңіп алдым. Қазан айында Баку қаласында өтетін әлем чемпионатында күміс медальді алтынға алмастырсам деймін. 14 жасымнан бастап грэпплингпен айналысып келемін, оған дейін қазақ күресімен шұғылдандым", - дейді Дәулет Жұмадуллаев.

Шұғыла Сапарғалиқызының шәкірті Әсел Әлібекова би өнеріне қалай келгені жайлы әңгімеледі.

"Астанада қазақ би өнері мектебі ашылды. Шұғыла апайымның ұсынысымен осында көшіп келдім. Мен ол кісінің бірінші шәкірті болып қабылдандым. Бес жыл оқып, Алматыдағы Селезнев атындағы училищесін тәмамдадым. Амал не, белгілі бір себептермен қазіргі уақытта апайыммен байланыс үзілген. Ол кісі әнші, шет елдерде жүреді деп естимін. Қаңтар айында Гүлшан Талпахова атындағы халықаралық байқауда бірінші орын алдым", - дейді Әсел Әлібекова.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Вы находитесь: Главная » Новости культуры

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий