allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Новости культуры

08 октября, 20:34

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ырым мен наным, салт-дәстүрге сенесіз бе?" тақырыбы талқыланды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бағдарламаның қонағы этнограф Жамбыл Омарұлы бала асырап алу салтының шарттарын түсінідріп берді.

"Қазақта "бала асырап алу" салты бар. Біріншіден: ортаңшылықпен үйдің сыртынан керегемен көтеріп кіргізеді. Екіншіден: бала үйдегі үлкен әженің киімінің мойнынан кіріп, етегінен шығады. Ағайын-туысқа дастарқан жайылып, ас беріледі. Үшінші жағдайда, бала асырап алушы адам ағайын-туыстың барлығы баланың менікі екенін мойындасын деп, яғни заңдылығын бекіту үшін қырық әжені бірі қатарға тұрғызып, балаға ортан жілігін беріп солардың астына өткізетін болған. Осылайша, қырық кемпірден тараған ұрпақ мойындайды. Осыдан кейін, ол баланы ешкім де "сен бөтенсің" деп көзін шұқымайды. 

Бағдарлама барысында қазақтың түрлі наным-сенімдері мен көне және қазіргі заманға сай дәстүрлер жайлы сөз болды. Бағдарлама барысында 22 жасында танымайтын жігіт алып қашқан Кәмила Қасымбекқызы келді. Оның айтуынша, оның құрбысы оны алдап тойға шақырған. Сол кезде оны алып қалған. Барынша өзге отбасында қалып, сол отбасын бақытты қылуға тырысқанымен бәрі ойдағыдай болмағанын айтады. Отбасында жиі жанжал, ұрыс-керіс болған көрінеді. Нәтижесінде 1 жылдан кейін сол отбасынан жасырын түрде қашып кетуге мәжбүр болады.

Кәмила ханым қазақтың "алып қашу" дәстүріне қарсы екенін айтады. 

"Бірінші мақсатым - анасын бақытты ету деп санадым. Енемнің қолынан бар жұмысты алуға тырысып, "не істейін?" - деп сұрай бердім. Мені ешқайда жібермейтін, бір жерге баратын болсам, адам ертіп жіберетін. Күйеуім ішетін боды, жиі жанжал шыға бастады. Бір күні ол қызғаныштан ұрып-соқты, енем араша түсуге асығар емесін байқадым", - дейді Кәмила Қасымбекқызы.

Дәл осы сұрақ бойынша бағдарлама ұжымы әлеуметтік желіде сауалнама жүргізді. Дауыс бергендер арасында 75 пайызы - қыз алып қашуға түбегейлі қарсымын десе, қалған 25 пайызы - қыздың келісімімен алып қашуға болатынын айтады. 

Сондай-ақ, бағдарлама ұжымы арнайы тойға барып "Кемпір өлу" салтынын қалай өтетіндігін көрсетті. Этнограф Жамбыл Омарұлы қазақтың көптеген салт-дәстүрлерін баяндап, олардың мағынасын түсіндірді. 

  

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Ертең сағат 15:00-де "Қазақстан қарулы күштері күшті ме?" тақырыбын Жетінші арнадан көре аласыз.

Вы находитесь: Главная » Новости культуры

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий