allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Новости культуры

21 июня, 20:21

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Мен ерекшемін" тақырыбы қозғалды. Бағдарлама қонағы баянауылдық темір адам Жеңісбек Қадырұлы келді. Денесін өткір пышақпен кесседе қан шықпайтын жігіт студияда өз құпиясын бөлісті.

Бірақ қатты қобалжығаннан болар тілгенде қан бірінші рет шықты дейді темір жігіт. Онымен қоса араның үстіне жатып, көрермендер үстіне отырып таңғалдырды.

Өзін суға салса бастпайтын, отқа салса жанбайтын адам деп таныстырған жігіт 12 жасында қой бағып жүріп, ұйықтап кетіп, түсіне аппақ киінген қарт бойында осындай тылсым дүниенің бар екенін айтып, аян берген.

"Ата бабаларымда, осындай қасиет болған, сол маған дарыған", - дейді Жеңісбек.

Сонмен қатар, Қазақстан бойынша Рубик кубигін тез жинайтын 22 жастағы Ілияс Арыстанбеков те ток-шоуға қонақ болып келді. Осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша кубикті жинау рекорды 9.94 секунд болса, Ілияс 9.93-те жинап рекорд жаңартқан екен. Бірнеше жарыстың жеңімпазы Ілияс Арыстанбеков студияда рекордын қайталап, 9 секунда кубикті жинады.

Бағдарламаға бұл кубикті көзін байлап қойып, жинап, әлеуметтік желілерде танылған Ілиястың досы Олжас Әбдірахман та келді. Ол кубикті 15 секундта жинайды екен.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Вы находитесь: Главная » Новости культуры

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий