allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Новости культуры

20 июня, 18:45

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Аталармен сұхбат" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға арнайы Шымкент қаласынан Әлима есімді кейіпкер Арыстан баб рухымен тілдесемін деп келді. Онымен қоса көріпкелдік қасиетім бар дейді.

Адамдарды тегін емдеп жүргеніне 20 жыл болған Әлима апа Арыстан бабтың иелері борды тұмар қылып берді деп, осы бормен адамдарды жазамын дейді. Оның беретін батасы да көпке ем болып, тек жақсылық әкелетін көрінеді.

Студия қонағы халық емшісі Құралай ханым Әлима апайда психологиялық ауытқу бар деп, екеуі сөзге келіп қалды.

Сонымен қоса, бағдарламада тамыр ұстап емдейтін Жұман ата, халық емшісі Құралай ханым, нумеролог Луиза және жын шығаратын Ерлан есімді жігіт болды. Олардан жүргізушілер бағдарламаға келген Айнұр есімді қыздың өмірі жайлы айтып беруін сұрап, тікелей эфирде эксперимент жасады.

Әрқайсысы өз білгендін айтты, бірақ көп сұраққа келгенде қателесті. 

Арнайы сұхбат алып қайтқан көріпкел Бахыт Жұматованың жорамалдары сәл-пәл келгендей болды.

Айнұрдың 35 жаста, 5 баласының анасы екенін көріпкел анықтап берді. 

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Вы находитесь: Главная » Новости культуры

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий