allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Новости культуры

21 мая, 17:03

Жанар Дұғалованың директоры Нұржауан Табылдиева әншінің тұрмысқа шығатыны туралы тарап жатқан қауескетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, мұның алдында әлеуметтік желілерде жарияланған видеода Жанар Дұғалова "тұрмысқа жақында шығатынын" айтып қалады. Журналистің "Сүйіктіңіз өнер адамы ма?" деген сұрағына ол "Ол жағын айта алмаймын, Тәуекел Мүсілім емес" деп әзілдейді. Артынша Желі қолданушылары оған бақыт тілеп, болашақ жары жайлы болжам жасай бастады.

Ал әншінің директорына сенсек, Дұғалова жақын уақытта тұрмысқа шықпайды. "Жанар бұл сөзді кейінгі уақытта, болашақта деген оймен айтқан. Журналистер де дұрыс түсінбей қалған. Бір жағынан Жанар әзілдеген. Қазіргі уақытта ол жаңа әніне бейнабаянын түсіріп жатыр", - деп пікір білдірді әншінің директоры. 

Ал мұның алдында басылымдарға берген сұхбатында Жанар Дұғалова көңіл білдіретін жігіттердің бар екенін және олардың тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайтынын айтқан еді. Алайда, әнші олардың бойынан болашақ жарын таппағанын мәлімдеген.

Вы находитесь: Главная » Новости культуры

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий