allinfoКаталог компаний НовостиПогода ГороскопЗнакомстваОбои
Выбор читателей

Происшествия

16 сентября, 13:19

Алматыда жекеменшік үй түгі қалмай өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт 16 қыркүйекте түскі уақытта Алмалы ауданы Прокофьев 204А мекенжайында орналасқан жекеменшік үйден шыққан. Шамамен 100 шаршы метр жерді жалын шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Алмалы аудандық өрт сөндіру қызметінің өкілдері мен үш техникасы жұмыс істеп жатыр.

Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Үйді жалдап тұрып жатқан тұрғын Жұмагүл Разбекованың айтуынша, бұл баспанада 5-6 отбасы тұрып келген. 

"Екі қабат үйді бөліп, қожайыны жалға беріп отыр. Бүгін үй қожайыны бір жұмысшымен келіп, шатырда бір нәрсені жөндеп жатқан. Бір кезде "Жұмагүл, су әкел" деп айқайлады қожайын. Баклашкаларға су құйып, беріп тұрдым. Бір кезде түтін үлкейе түсті. Сол кезде заттарымды тастап далаға қаштым. Үйде құжаттарым, заттарым қалып қойды. Телефоным да бір жерде жоғалды. Сағат 11-ге жақындағанда өрт басталды", - деп баяндады ол оқиғаны.

© Есет Төлеш

Вы находитесь: Главная » Происшествия

Комментарии: Вы можете быть первым, кто оставит комментарий